Әбдіжаппар Әлқожа – «Оригиналсың»

 · Зместу на 1 хвіліну чытання

Әбдіжаппар Әлқожа – «Оригиналсың»

Әні: Ә.Әлқожа, сөзі: Т.Мықи

Бақытыңды аялап қолыңдағы
Басыңдағы бағыңды өшірмеші
Сұлу қыздар көп шығар соның бәрі
Сенің сұлулығыңның көшірмесі

Қайырмасы:
Ал сен оригиналсың
Соған халық илансын
Саған қолы жете алмай
Бәрі, бәрі қиналсын.
Ал сен оригиналсың
Таза табиғи нәрсің
Саған қолы жете алмай
Бәрі, бәрі қиналсын

Бұл өмірде мен үшін бір өзің бар
Екі көзім басқаны байқамайды
Қайталанбас жібектей мінезің бар
Қалғандары соныңды қайталайды.